Қаржылық мониторинг агенттігі MetaGo қаржылық пирамидасының жарнамасы мен басқаруына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады.
Азаматтар пирамиданың Жезқазғандағы құрылымдық бөлімшесін де басқарып, тұрғындардан инвестиция тартып отырған. Агенттік қазақстандықтарға пассивті кіріс пен артық пайданы уәде ететін күмәнді инвестициялық жобаларға сенбеу керегін еске салады. Егер қандай да бір компания күдік тудырса, оны Baiqa, piramida Telegram боты, арқылы тексеруге болады. Қаржы пирамидалары мен жобаларының тізімі олардың қызметі белгілерімен бірге AFM сайтында жарияланған. Еске салайық, MetaGo ұйымы қазақстандықтарды криптовалютаға инвестиция салуға үндеп, азғырғаны анықталған еді. Пирамидаға 80-нен астам азамат тартылған.