Сабырхан Махмұдты қолдаған жанкүйерлердің тағы бір тобы шаһардағы жастар орталығына жиналып, ХХХІІІ жазғы олимпиада ойындарын тамашалады.
Махмұт Сабырханның жекпе-жегін асыға күткен қатарластары, соңғы минуттарға дейін үміт үзбеді. 57 келі салмақта испаниялық Хосе Простоспен сынға түскен жерлесіміз 4:1 есебімен есе жіберіп, өкінішке орай жарыс жолынан шығып қалды.