Тамыздың алғашқы күні, яғни бүгін Париж Олимпиадасының кезекті күнінде отандастарымыз 4 спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде дзюдодан -100 келі салмақ дәрежесінде Нұрлыхан Шархан сынға түседі, сондай-ақ, садақ атудан ерлер арасындағы жекелей сында Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Ерменко, оқ ату спорты бойынша әйелдер арасында Александра Ле мен Арина Алтухова жарыс жолына шығады. Бокстан 50 келі салмақта Назым Қызайбай 1/8 финалда бақ сынаса, 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен 92 келіде Айбек Оралбай ширек финалдық кездесулерін өткізеді. Ойындарды қазақстандықтар Qazaqstan, Qazsport, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Жалпы командалық есепте 16-орында тұр.