Мәскеуден бір-ақ шықты! Адам өлтіру қылмысы бойынша іздеуде жүрген шымкенттіктер Ресейдің Мәскеу облысында ұсталды.  Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ресейлік әріптестерімен бірлесіп, кісі өлтірді деген екі күдіктінің жүрген жерін анықтай алған. Олар өткен жылдың қыс айында таңғы 5:00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, кикілжің немесе жақтырмаушылықтан үш ер адамды битамен және темірмен ұрып-соққан.
Жәбірленушінің бірі алған дене жарақатынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Қазіргі таңда ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.



110 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЫЗЫ БАР ЖҮРГІЗУШІ АНЫҚТАЛДЫ

 «MERCEDES – BENZ S 350» маркалы автокөлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 110 миллион теңгеге жуық бершегі  бар екені анықталған.  Полиция азаматты «Қорғау» бағдарламасының көмегімен тапқан. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушісіне ережені түсіндіріп, автосын айыптұраққа қойды.

 Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті көлік иелерін анықтайды.