Инвестициялық бағдарлама игілігін шалғайдағы жұрт сезінуде. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Қазығұрт аудандық электр желісінде жаңа жобалар жүзеге асып отыр. Бағаналар жаңарып, электр қуаты артып келеді.


 Бұл – аудан орталығынан шалғай орналасқан Үшбұлақ елді мекені. Кеңес кезеңінен келе жатқан ауылдағы  ағаш бағаналар толығымен заманауи темір бетонға ауыстырылып жатыр. Электр желісі толығымен жаңарып, жұртшылық мәз-мейрам.
Қазығұртта жыл басынан бері  9,7 шқ  10 кВт желі 7.8 км  0,4 кВт желі жаңарған. Сонымен қатар 4 трансфоорматордың жабдықтары ауыстырылған.

  Ауданды жарықпен қамтамасыз ететін 14  подстанция  бар. Оларға электр энергиясын  бөлетін бас подстанция биыл  6300  кВт қуаттылыққа ауыстырылыпты. Бұрынғы  2500 кВт-тық қондырғының қуаты әлсіз еді –дейді мамандар. Жаңа аппарат  инвестициялық бағдарлама бойынша орнатылды. Орталықтағы бас подстанция 15 мың абонентті сапалы электрмен қамтамасыз етеді.

 Қазығұрт аудандық электр жүйесі мекемесі бүгінде 61 елдімекенді электр энергиясымен қамтып отыр. Мекемеге 386 жиынтық трансформатор қосалқы стансасы, 35/10 киловольттық 14, 100/10 бір киловольттық қосалқы стансасы, ұзындығы 206 шақырымды құрайтын 35 киловольттық желісі, 584 шақырымды құрайтын 10 киловольттық желісі тиесілі.