Көмір бағасы қандай? Биыл қымбаттай ма? Көмірдің жыры неге бітпейді? Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен отырыста пысықталды. Облыс әкімі жауапты басшыларға жылу беру кезеңіне дайындықты күшейтуді тапсырды.

 Түркістан облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аймақта  жылумен қамтамасыз ететін 7 кәсіпорын бар. Құрамында 1 жылу энергетика кешені, 34 орталықтандырылған және 1577 автономды қазандық бар. Аталған жылу орталықтары арқылы облыста 1279 білім, 668 денсаулық сақтау, 212 мәдениет, 9 жұмыспен қамту, 75 спорт нысаны және 737 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіледі.


Облыста ауыл-аймақтарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осыған байланысты қатты отынға сұраныс 82 000 тоннаға төмендеген. Өткен маусымда 93 бюджеттік мекеме көмірден газға ауыстырылды. Қажеттілік 36 000 тоннаға төмендеп отыр.