Шымкенттіктер қарттар үйінің қарияларын қуанышқа бөледі. Тұран аудандық  жастар ресурстық орталығы №2 әлеуметтік қызметтер көрсету мекемесіне барып, концерт қойды. Кеште эстрада жұлдыздары ән шырқап, жергілікті жайдарманшылар өнер көрсетті.
Омар Төреханұлының жасы 90-нан асқан. №2 арнаулы қызметтер көрсету орталығының қызметін 40 жылдан бері жүгініп келеді. Бастан өткен талай қиындықты бір күндік көңіл жуып-шаюға көмектеседі,-дейді ақсақал.  Кешті өткізуге Тұран ауданының жастары мұрындық болған. Олар осындай игілікті істер арқылы қариялардың өмір белсенділігін арттыруға күш салмақ.
 «Миллион» командасы осы кештің жарық жұлдыздары болды. Осындай мекемелерге талай рет келіп жүрген белсенділер, әр кездесудің орны бөлек,-деп отыр.  «Қарттарын қадірлеген ел ардақты». Осылай деген жастар бүгінгідей кешті жиі өткізіп тұруды қолға алған. Бұдан бөлек, шығармашылық кеш балалар үйлерінде де ұйымдастырылмақ.