Үшінші мегаполисте әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жиыны өтті. Әскери бөлімдерге тағайындалған лейтенант-түлектердің жаттығуына 40-тан астам жас офицер қатысты.
Жаңадан тағайындалған командирлер заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді, әскери жарғыларды, атыс, дене шынықтыру ережелерін зерттеді. Ал лейтенанттар психологиялық тестілеуден өтіп, Макаров тапаншасынан оқ атты. Жиында тәжірибелі тәлімгерлер өздерінің практикалық тәжірибесімен бөлісті. Бұл түлектерге әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөліміндегі қызметтің ерекшелігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Теориялық дайындықтан басқа, жас лейтенанттар әуе қорғанысы жүйесінде қолданылатын жаңа технологиялар мен жабдықтарды зерттеуге мүмкіндік алды. Жаттығу барсында жоғары технологиялық кешеннің жұмысы көрсетілді. Бұл офицерлерге әуе кеңістігін қорғаудың заманауи әдістерімен танысуға мүмкіндік береді.