Өзбекәлі Жәнібеков атындағы білім ордасы жаңа маусымды ақжолтай жаңалықпен бастап отыр. Университет жанынан ашылған Жүсіпбек Аймауытов атындағы коледж алғашқы талапкерлерін қабылдады. Студенттерге арнайы таныстырылым кеші ұйымдастырылып, университет тарихы мен жетістіктері баяндалды.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК – ТІЛШІ
Түркістан сарайы лық толып, ине шаншар орын қалмады. Концертке құмартқан жастар сахна залына сыймай, шараны есік сағасынан сығалап тамашалады. Жастарды баурап, өзіне құмартқан - Қайрат Нұртастың ән кеші емес, Өзбекәлі Жәнібеков университетінің білім мерекесі. 


Шараға арнайы келген қала әкімінің орынбасары талапкерге сәт-сапар тілеп, адал азамат тұлғасына тоқталды.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

– «Адал азамат, адал оқып, адал еңбек жасап, адал табыс тапқан кезде ғана біз президеніміз айтқан «әділетті қазақстанды» құра аламыз» 


Ұстаздар ұстаханасы атанған университет, оқу жылын 8 мың студентпен бастады. Биыл 2 мың талапкер қабылдаған. Оның мыңға жуығы мемлекеттік грант иегері атанса, тағы жүз жиырма тоғыз студент қала әкімі грантын иеленді. Жатақхана мәселесі де түбегейлі шешілген.
 

ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА, Ө.ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
– «Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындары арасындағы жатақхана мәселесін шешкен бірден-бір университетпіз. Өйткені бізде сегіз мыңнан аса жатақхана бар, оған қазір екі мыңнан аса студент жайғасты»


Ұлттық біріңғай тестілеуді ойдағыдай тапсырып, мемлекеттік грант иегері атанғандардың бірі -  Жанерке Бексейіт. Физика пәні мұғалімі мамандығын таңдаған. Айтуынша, ұстаздық – ұлы іс. Өз білгенін өзгемен бөлісу, Жанеркеге қуаныш сыйлайды.


ЖАНЕРКЕ БЕКСЕЙІТ, СТУДЕНТ

 – «Болашақ ұрпақты тәрбиелеп және оларды елімізді дамытуға тәрбиелейміз. Мұның өзі үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық»


Айта кетейік, кеште университет ұстаздары марапатталып, мақтау қағаздарын иеленді.