Мемлекет банктерді Ұлттық қор есебінен банкроттықтан құтқарды. Енді триллиондап пайда тапқан сол қаржы ұйымдары көбірек салық төлеуі қажет. Қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр  Нарымбетов осылай дейді. Оның айтуынша, Президент Жолдауында қамтылған маңызды мәлімдемелер ел экономикасының кезекті қозғаушы күші болады

ЛАУРА САРМАН, ТІЛШІ
-«Салық кодексі халықтың әл-ауқатын жақсартып, экономикаға пайда әкелуі керек. Бұл Заң сол кезде ғана пайдалы – дейді мәслихат төрағасы. Президенттің банктер экономикаға көбірек қаржы құюы керек деген ұсынысы әділетті әрі оңтайлы жол екенін айтты. Себебі, Халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады»

«Саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс. Банктердің акционерлері дивидендіне сәйкес салық төлеуі керек. Банктерге мемлекет көрсеткен көмек тұрғысынан қарасақ, бұл – өте орынды ұстаным. Цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету және банк саласына инновацияларды қауіпсіздік талабына сәйкес енгізу үшін оны реттейтін тетіктердің тұрақты болуы маңызды»,  - деген еді Президент.

ЛАУРА САРМАН, ТІЛШІ
-«Банктер де мемлекет пен қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі керек. Шағын және орта бизнес әлі де жеткілікті қаржыландырылып жатқан жоқ. Бұл - еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігіне, экономиканың тұрақтылығына және дамуға кедергі келтіріп отыр.Енді Президенттің тапсырмасымен жаңа Заң қабылданып, елдің дамуына түрткі болуы қажет»