Түркістан облысында ауыл шаруашылық өнеркәсіп салаларын несиелендіру жұмыстары қарқынды. Бастама аясында Сайран ауданында күніне 10 тонна сүт өткізетін ферма салынып жатыр.
«БНК Агро» сүт-тауарлы фермасы келер жылдан бастап қуаттылығы күніне 20 тоннаға жетпек. Ол үшін 400-ден астам бас қара мал Дания елінен әкелінген. Алда сиыр саны 1200 басқа артады. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін мекеме жергілікті 35 азамат жұмыспен қамтылады. Былтыр осындай жобаларға 6 млрд. теңге бөлінген. 3,3 млрд. сомманың 1,5 млрд. теңгесі СПК тарапынан қаржыландырылған. Қалған 1,8 млрд. теңге жеке инвестордың есебінен жұмсалды. Облыста бірінші кезеңде сүт өнімдерін өндіретін фермаларға 2,5 пайызбен 10 жылға несие берілді. Енді ақшалай қолдау су үнемдеу технологиясын пайдаланып, тамшылатып, жаңбырлатып суару жүйелерін жүзеге асыратын жобаларға бағытталмақ.