Шымкентте Аумақтық қорғаныс бригадасына Мемлекет басшысы атынан Жауынгерлік Ту тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары -  ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сұлтан Камалетдинов пен қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов арнайы қатысты.
 Жауынгерлік Ту – әскери бөлімнің қастерлі рәміздерінің бірі. Оны Президент атынан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Шымкент қаласы Аумақтық қорғаныс бригадасына тапсырды. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың грамотасын оқып берді.
Генерал лейтенант Жауынгерлік ту – әскери бөлімнің тарихы мен сіңірген еңбегінің, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тиесілілігінің куәлігі екенін айтты. Ар-намыс пен ерліктің, даңқтың нышаны әрқашан биікте желбіресін, - деді.
 Арнайы салтанатты рәсімде қала әкімінің орынбасары  әскери қызметшілерді құттықтап, Жауынгерлік Туды тапсыру әрқашан үлкен құрмет пен мақтаныш екенін атап өтті.
 АЙДЫН КӘРІМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
-Жыл басынан бері Аумақтық бригадасына 100 қосымша штат алынып, әскерилер тартылуда. Бұл жауынгерлік дайындықты күшейтуге ықпал етеді. Өйткені кез-келген төтенше жағдайда бірінші  кезекте көмекке келетін дәл осы бригаданың әскери қызметкерлері. Сондықтан сіздерге күш-қуат тілеймін. Жауынегерлік тудың тұғырын биік ұстап, әскери антқа адал болады деп сенемін.
 Жауынгерлік ту - бөлімде барлық уақытта сақталады. Әскери мекеменің алған ордендері осы туға тағылады. Жеке құрам Жауынгерлік туды күзетуге, ерлікпен қорғауға, ұрыс кезінде сақтап, жау қолына түсірмеуге міндетті. Шымкенттегі Аумақтық қорғаныс бригадасының командирі бұл үлкен абырой мен жауапкершілік екенін жеткізді.
 ЕРЖАН САРТБАЕВ, АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНЫҢ КОМАНДИРІ 6368: 00,09-00,35 қысқарту керек
-Еліміздің Президентінің атынан Жауынгерлік туды алу бізге және маған үлкен мәртебе. Бригадаға қойылған тапсырмалар орындалады. ҚР Аумақтық қорғаныс әскерлері, Қарулы күштері жасасын! Ура!  
 Шымкентте қаласының аумақтық бригадасы 2020 жылдың қыркүйегінде құрылған.  Олар халықты, объектілерді және мемлекеттің коммуникацияларды ықтимал әскери әрекеттерден немесе террористік қауіптерден қорғауға бағытталған.