Елімізде алғаш рет жоғары білім қызметкерлері күні аталды. Айтулы күнге орай, Шымкентте ғылыми кітапхана ашылды. Оған Әбсаттар Дербісәлінің есімі берілді. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университеті жанындағы орталықтың ашылуына ел ағалары қатысып, ғылыми-тәжірибелік конференцияда пікір алмасты. Салтанатты жиыннан тілші сөз саптасын.
Әбсаттар Дербісәлі – Белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым. 1947 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1969 жылы қазіргі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетін тәмамдаған. Оқу орны қазақ өркениетіне үлес қосқан арда азаматтың атынан кітапхана ашып, кейінгі ұрпаққа өмірін насихаттауды қолға алды.
 ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-НІҢ РЕКТОРЫ
- Жылжан жылға студенттеріміздің саны көбейіп жатыр. бакалаврда қанша мамандықтар ашылып отыр. Сол студенттерге осы кітапхана мол мұра болмақ. Осы жерден өзіне керекті іліп алып оқитын болады.
Оңтүстік берген білім талайдың азығына айналған. Осылай деген исламтанушының жұбайы филология факультетінде оқып жүріп, мол жетістікке жеткенін тілге тиек етті.
РАФИЯ ДЕРБІСӘЛИЕВА, Ә.ДЕРБІСӘЛІНІҢ ЖҰБАЙЫ
- Осы Унивлерсиетті бітірді, 69 жылы. Өте бір жақсы бітірді. Бір группадан 5 түлек қызыл дипломмен бітірді. Ондай сирек кездеседі. Ол кісілер дайындалған кезде бір-біріне көрсетпей дайындалады екен. Сондықтан ол кісілердің алған білімі өте құнды деп есептеймін. +02:47 Негізі Шымкенттің берген білімі өте жоғары. Бәрімізді осы Шымкентте алған біліміміз асырап келеді әлі күнге дейін.
Әбсаттар Дербісәліні оқу – рухани кемелденуге жол ашады. Экономикалық өсім, ғылыми прогрестен бөлек кейінгі толқын шығыстану ілімін біліп өскені абзал,-дейді аға буын.
 ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН, ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ
-Шығыстың мораль философиясына тең келетін парагметика туған жоқ. батыс тек баюды ойлап жатыр. біздің ұтатын жеріміз духовный жетуді ойлауымызда.
 Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ кітапханасы 2011 жылы оқу орнының жаңғыру кезеңінде жойылып кеткен-ді. Араға 13 жыл салып қайта жасақталып отыр. Мұндағы 500-ден астам кітап қоры 8 мың студенттің білімін жетілдіруге оң септігін тигізбек. Мамандар «Кітапқа қайта өмір сыйлаймын» деушілер үшін челендж жариялап отыр. Үйдегі артық кітапты осы оқу орнына өткізуге шақырады.