Елімізде саяси науқан жүріп жатыр. Халық ерекше маңызға ие шешім қабылдайтын күн. Алғашқы дауыс берушілермен арна тілшісі Кенжехан Дүйсенбі тілдесіп қайтты.
Еліміздегі маңызды шара әнұранмен басталады. №228 референдум учаскенің комиссия мүшелері саяси науқанға сақадай сай. Таңғы жетіде жұмысын бастаған комиссия мүшелері әуелі бюллетен жәшіктерін құлыптады.
КЕНЖЕХАН ДҮЙСЕНБІ, ТІЛШІ
Бюллетень жәшіктерне құлып салынып, есік ашыла сала алғашқы дауыс беруші келді.
ЖЕҢІС ЖҰМАТАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мемлекетіміздің шешімдеріне үлес қосқым келещді
№228 референдум учаскесіне дауыс беру құқығына ие 2603 адам тіркелген. Бұл жолғы маңызды шешім қабылдайтын күні тіркелген тұрғындардың 70-80 пайызы келеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, 41 479 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Дауыс беру кезінде ерекше жағдайлар қажет ететін мүгедектігі бар сайлаушылардың барлығы 3615 азамат. Тірек қимылы бұзылып арбаға таңылған азаматтарға 28 инватакси қызмет көрсетілетін болады.