№183 референдум учаскесі Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебінде орналасқан. Алғашқылардың бірі болып 66 жастағы зейнеткер өз таңдауын жасап, сыйлыққа ие болды.
Атом электр станциясын салу бойынша референдумға дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден басталды. Бұл №183 референдум учаскесі. 2557 азамат тіркелген. Қала тұрғындары жауапкершілік танытып, саяси науқанда белсенділік танытты.
Маңызды күні учаскеге келіп дауыс бергендер қатарында Нартай Жәнібековте бар. 66 жастағы зейнеткер еліміздің болашағына бейжай қарамайтынын жеткізді. Отбасымызбен бірге қандай саяси науқан болсын белсенді түрде ат салысамыз дейді ол.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 344 референдум учаскесі бар. Дауыс беруші азаматтардың саны 660 563 адамды құрайды. Дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған.