Қаладағы референдум учаскелерінде дауыс беру жалғасып жатыр. Әр азамат тарихи сәттен қалыс қалмай белсенділік танытып отыр. Учаскелерде ел жанашырлары мен қоғам белсенділері, танымал тұлғалар бой көрсетті. Сонымен қатар отбасы мүшелерімен келіп, өз таңдауын жасап жатқан жандар да көп. Барлығы Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс беретіндерін жеткізді.
Өмірбек Әліпбаев бүгінгі күнге дейін атом электр станциясы жайында көп тыңдап, ақпараттанған. Оның зияны мен пайдасы жайында оқып, білген. Бүгін өзі тіркелген референдум учаскесіне келіп болашақ үшін таңдауын жасады.    
ӨМІРБЕК ӘЛІПБАЕВ -  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
- Учаскеде өте керемет. Барлығы дұрыс ұйымдастырылған. Осындай болу керек. Дамитын ел болашағы бар ел.  Жастар сендерсіңдер жасайтын. Осындай болып, бірауыздан барлығымыз қатысуымыз керек. Дауыс беруіміз керек.  
Қоғам белсендісі, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Рүстем Ашетаев та 264 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ол мемлекеттік стартегиялық мәселелерді референдум арқылы шешу өте орынды екенін айтады. Сондай-ақ азаматтық көзқарасты дауыс беру арқылы жасаған дұрыс дейді.
РҮСТЕМ АШЕТАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ
- Мәселе ол қолдау, қолдамауда емес, Мәселе өзінің саяси процестерге араласуын және өзіңнің дауысыңның егесі өзің болып таңдау жасауың. Сондықтан менде өз таңдауымды жасау үшін өзім белгіленген участігімде даысымды бердім.
 Ал, №58 мектеп базасында орналасқан 224 референдум учаскесіне 2446 адам тіркелген. Төраға үйден дауыс беру үшін ешқандай өтініш түспегенін айтады.
ОРЫНБАСАР ҚОШАНАЛИЕВ - 224 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ  
- Бізде үйге бару жағдайы негізі қарастырылған. Негізі біздің учаскесіне ешқандай өтініш келіп түскен жоқ біздің учаскеге үйден келіп дауыс алыңыздар деген сөзді. Сондықтан біз осы жерде қабылдаймыз адамдарды.  
 Кешкі сағат сегізде дауыс берудің ең маңызды кезеңі басталады. Яғни, дауыс саналады.  Нәтижесі жеті күн ішінде жарияланады. Референдумға сайлаушылардың 50 пайыздан астамы қатысса, өтті деп есептеледі.