Шымкентте жол ақысы қымбаттамайды. Халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, мегаполисті қарқынды дамыту бағытында кешенді жобалар әзірленуде. Қалалақ сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы екіге бөлінеді. Мәселе жер телімдеріне қатысты мәселені шешуге оң ықпал етпек. Алпамыс батыр ескерткішін жаңғырту, бюджетті ұлғайту жұмыстары мәслихат сессиясында айтылды.
Сессияда 8 мәселе қаралды. Бәрі халық игілігіне жұмыс істейтін бастамалар. Мәслихат алдымен жол ақысын тұрақтандыру мәселесін қолдады. Сондай-ақ бюджет көлемін ұлғайту бойынша жұмыстарды мақұлдады.
Архитектуралық мәселенің шешімі ретінде қалалақ сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармалары екіге екіге бөлінді. Мәслихат төрағасы Алпамыс батырдың ескерткішін ыңғайлау бойынша ұсынысын білдірді.
Бұл жиында сондай-ақ, «Су ресурстары маргетингі» ЖШС мемлекет меншігіне алу жөнінде ұсыныс айтылды. Халық қалаулылары табиғи монополиялар әкімдікке қарасты болуы керек,-деп отыр.
Сесияда қолдау тапқан мәселелер қала халқының игілігіне арналады. Осылай деген қала әкімі мегаполистегі су ресурстарына қатысты ұсынысқа пікір білдірді.
Кешегі Референдумда шымкенттіктердің үлес салмағы басым болғанын да алға тартты. Әкім электр энергиясына қатысты жаңа бастама халық тұрмысына оң әсер ететінін атап өтті.