Қазақстанда 165 мыңға жуық адам өзін құмар ойындардан шектеген. Жаңартылған мәліметті Туризм және спорт министрлігі жариялады.
2024 жылғы 7 қазанға дейін 164 523 адам өзін құмар ойындардан шектеген. Оның ішінде eGov mobile арқылы – 161 707 адам; жазбаша – 2 816 адам. Ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі. Бұл Туризм және спорт министрлігі ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің берген мәліметі. Өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызмет 2024 жылғы 18 наурызда енгізілді. Ведомство пилоттық жоба оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысу көрсеткіші төмендеп жатқанын хабарлады.