Шымкентте бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтеріне үкім шықты.
 Білім ошағының есепшісі сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есепшотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған. Барлығы 5,1 миллион теңге сомасында аударым жүргізілген. Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен аталған қылмыстық құқықбұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды. Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.