19 қазан - құтқарушылар күні. Атаулы датаны төтеншеліктер биыл 29-шы рет атап өтеді. Ал Шымкенттің құтқарушылары департамент ғимаратында іс-шара ұйымдастырып, кәсіби мерекені тойлауды бастап кетті. Онда бүгінгі күннің батырына айналған өрт сөндірушілерге құрмет көрсетіп, тактикалық оқу-жаттығу жұмысын жүргізді.
№5 өрт сөндіру бөлімінде талай адамды қызыл жалыннан арашалап қалған қаһарман өрт сөндірушілер жұмыс істейді. Соның бірі Қанат Айтбайұлы. Ол 2020 жылы көпқабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатынан өрт кезінде екі адамды құтқарған. Ерең еңбегінің арқасында кеудесіне «ерлігі үшін» медаль таққан.
ҚАНАТ БАЛАБИЕВ, №5 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫ, АҒА ЛЕЙТЕНАНТ
- Өрт сөндіру ықызметі нағыз ер жігітке тән жұмыс бұл. Абыройлы жұмс адам өмірін құтқарған біз үшін мақтаныш. Жастарға біз үгіт-насихат өз жұмсымызды таныстыруға барамыз мектептерге мысалығы біздің оқуға келіп түсіңдер деп. Халыққа қызмет етіңдер деп.
Кәсіби мерекеге арналған іс-шараға мектеп оқушылары да шақыртылған. Олар құтқарушылардың жұмысымен танысып, арнайы ұйымдастырылған оқу- жаттығу тактикасын тамашалады. Осылайша бұл мамандықты игерудің қыр-сырымен танысты.
Биыл құтқарушылар кәсіби мерекені 29-рет атап өтіп отыр. Мереке қарсаңында бейбіт күннің батырларына қалалық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерге құрмет көрсетіп, қызыл кілеммен жүргізді.
ҚУАНАР БАЗАРБАЕВ - ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ, ГЕНЕРАЛ-МАЙОР
- Осы мерекенің алдында біздің құтқарушылар үлкен жұмстар істеп жатыр. Өрт сөндіріп жатырғ су тасқынымен алысып жатыр. Олар орман өрттеріне барып жатыр. Мерекенің алдында барлық құтқарушыларды мерекелерімен құттықтағым келіп тұр. Тілейтінім әр отбасына аманшылық, істеп жатқан қызметтері мықты болып, денсаулықтары мықты болып, тек қана еліміз тыныш халқымыз аманшылыққа тілеймін.
Сондай-ақ департаменттің жаңа ғимаратында 101,112 жедел басқару орталығы жұмыс істейді. Онда төтеншеліктердің өрт орын алған орындарды сергек бейнебақылау камерасы арқылы қадағалауға мүмкіндігі бар. Ал ондай бақылау камераларының қалада мыңға жуығы жұмыс істеп тұр.