Негізгі Жаңалықтар ТҰРҒЫНДАР ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУДЫ ӨЗ ЕРКІМЕН ТАПСЫРДЫ

ТҰРҒЫНДАР ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУДЫ ӨЗ ЕРКІМЕН ТАПСЫРДЫ

 Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу бойынша акция өткізіліп жатыр. Іс-шара барысында облыстың 149 тұрғыны полиция органдарына тіркелмеген 181 қаруды өз еркімен тапсырды. Оның ішінде 160-тан астамы тегіс ұңғылыға жатады.
 Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру үшін оның техникалық жағдайына байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін төлем қарастырылған. Осылайша атыс қаруын өз еркімен тапсырған 80-нен астам азаматқа 8 млн теңгеден астам қаражат төленді. Сонымен қатар тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарын акцияға түсіністікпен қарауға және белсенді қатысуға шақырады.



Бөлісу