Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы спорттық сайыстармен қызды. Облыстың барлық деңгейдегі депутаттары арасында кіші футболдан біріншілік басталды. Облыс орталығындағы «Астана» спорт кешенінде өтіп жатқан біріншіліктің деңгейі жоғары. Футбол бәсекесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов қатысып, спортты серік еткен азаматтарға сәттілік тіледі.
Мәслихаттардың 30 жылдығын атап өту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы жарысқа облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының қызметкерлерінен құралған 18 команда қатысуда. Жарыстың жүлде қоры да қомақты. Бірінші орынға 1 млн теңге, кубок және медальдар тапсырылады. Екінші және үшінші орын алған командалар да қомақты сыйлыққа ие болады. Сонымен бірге үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар беріліп, құрмет көрсетіледі.