Шымкентте нысана көздеуден КСРО Спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған нысана көздеуден 33-ші Гран-Придің ақтық бәсекесі өз мәресіне жетті. 190 спортшы қатысқан сында Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды.
Спорттық сайысқа 6 елдің мергендері қатысты. Эльдорадо оқ ату кешеніндегі сайыстың ақтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы мен Италия құрамасының мергендері өз ара бақ сынасып Қазақстан құрамасының жолы болды. Ал Командалық жүйедегі мергендер бәсекесінде Қазақстан құрамасы бірінші орында болды. Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болса, Қырғызстаннан клеген спортшылар жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалай сыйлықтар табыс етті. Жарыс аясында Қазақстан кубогы жолындағы бәсекеде қатар ұйымдастырылды. Бұл сында 150 ге жуық оқ ату шеберлері бақ сынады. Енді жеңімпаз атанған мергендер ұлттық құрама сапында Әлемдік Гран приде еліміздің намысын қорғайтын болады.