Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады.

 Сауран ауданының тұрғыны О. деген азамат 20 тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, жалған мәліметтерді көрсетіп, үш жыл ішінде иеліктерінде шын мәнінде жоқ ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия ретінде 203 млн теңге алған. Аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке елеулі залал келтірілген. Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру арнайы прокурорларға жүктелген. Осыған сәйкес, облыс прокуратурасы қаражатты жымқыру фактісі бойынша құжаттарды сотқа дейінгі тергеп тексеру бөліміне тіркеп, күдіктіні 2 ай мерзімге қамауға алып отыр.