Түркістан облысының аудан, қалаларын дамыту стратегиясын бекіту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін Сарыағаш ауданын дамыту жоспары талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сарыағаштың әлеуеті толық қолданылмай отырғанын айтып, аудан әкімі мен басқарма басшыларына жұмысты жүйелеуді тапсырды.

 Сарыағаш ауданының әкімі Арман  Абдуллаевтың  айтуынша, ауданды дамыту жоспары жан-жақты сараланып,  барлық сала зерделенген. 2030 жылға дейінгі  даму  жоспарына сәйкес  ауданда 139 жобаның тізімі жасалған.  Құны 144,2 млрд.  теңге болатын жобалар арқылы 4663 жаңа жұмыс орны ашылмақ.  Оның  ішінде өнеркәсіп саласында 51, туризм саласында 25, ауыл шаруашылығында 31, құрылыста 17, қызмет көрсету саласында 15 жоба жоспарланған.  Нәтижесінде 2030 жылы ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 747,9 млрд. теңгені құрап,  2,5 есеге артады деп күтіліп отыр.

 АРМАН  АБДУЛЛАЕВ,  САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
 Жаңбырлатып суғару технологиясын дамыту арқылы ауыл шаруашылығын дамыту. Халық санының жыл санап артуы жұмыс күшінің жеткіліктігі Одан кейін дарбаза темір жолы салынып жатыр.