Жылу маусымы басталғанына ай болған жоқ, жаурап жүрген шымкенттіктер жетерлік.  Оңтүстікте ауа температурасы да төмендеген  жоқ, десе де тұрғындар пәтерімізде тоңып отырмыз дейді. Жұртшылық жылыту құбырындағы қысымның өте төмен екенін айтады.
 Айбергенов көшесінде орналасқан мынау үйге жылу қазан айының басында берілген. Бастапқыда пәтері ысып, көңілі жайланған тұрғындар ай өтпей жаурадық деп арнамызға арызын арқалап келді. Айтуларынша, көпқабатты үйдің жоғарғы бөлігіне жылу мүлдем бармайды.   
ГАЛИНА ИСКАКОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
- Басында барлығы жақсы болды. Барлық пәтерге жылу жетті.Бірақ уақыт өткен соң батареялар суи бастады.Содан бері тұрғындар шағымданып келеді. Жылу әсіресе жоғарғы қабаттағы пәтерлерге жетпей жатыр. Батареялары суық әрі түнімен құбырлардан біртүрлі дыбыс шығады. Түн тыныштығын алып ұйқы бермейді. Жауаптылардан сұрап білдік Сөздеріншеқұбарда тек ауа айнағандықтан солай болады екен.
Сервистік қызмет көрсету компаниясының өкілдері бүгінде қаладағы бірқатар көпқабатты үйлерде жылу қысымы төмен екенін айтады. Салдарынан жоғарғы қабатта тұратындар жаурап отыр.
ЕРКІН ПӘРІМБЕКОВ -  СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
-Тұрғындар қазір жалоба жасап жатыр. Бізде жылу жоқ деп. Оның себебі бізден көретін олардың алып кеп беретін мына жерге дейін құрал қысымы аз болып тұр. Қысым 6 болу керек. Шығысы 2 болып тұр. Не үшін жылмайды үй. Давления болмаған соң жылымайды. Давления болса үй давить етеді жылуды. 9 эатаждағы домдардың барлығы сондай болып тұр қазір. Біз жылуды бере алмаймыз. Қуат жылу давления жақсы берсе сол кезде ғана дом жылиды.
 Ал қуат жылу орталығының мамандары қазандықтан берілетін жылу қысымы нормаға сай дейді. Себебі 9 қабатты тұрғын үйге беріліп жатқан 4 келі қысым барлық пәтерді жылытуға қауқарлы екен.
ЕРКЕБҰЛАН БИТЕМІРОВ – «ҚУАТ ЖЫЛУ ОРАТЛЫҒЫ-3» МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
- Айбергенова 1г бойынша тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Трассадан барлығын элеватордың өзінентораптарынан қарап, тексеру жұмстарын жүргіземіз. Бұл жерге 4 кг давления келіп тұрса бұл 40 метрге көтерілетін давления. Ол давлениясистема таза болса ол да жүреді. ҚАзір ендітексеріп, элеватордан бастап, трассадан бастап толық тексеріп одан кейін тұрғындарға түсіндіру жұмстарын жүргіземіз. Егер стояқтары забитый болса акт преписание беріп өздеріне көрсетіп кетеміз.
Алда қылышын сүйреп қыс келе жатыр. Егер мәселе ертерек шешілмесе, тұрғындар арызын арқалап қала әкіміне баратындарын жеткізді.