Біз есірткісіз өмірді қалаймыз! Дәл осындай атаумен Түркістан қаласында көркем шығарма жазу мен плакаттар байқауы өтті. Сайысқа қатысушылар тақырып аясында әңгіме жазып, сурет салды. Олар өздерінің нашақорлыққа қарсы екендерін осылайша білдірді.
Байқауда 14 пен 24 жас аралығындағы жастар 2 топқа бөлініп бақ сынады. Олар ережеге сай бұрын соңды жазылмаған, әлеуметтік желіден көшірілмеген әңгіме жазып, плакатқа сурет салды. Көркем шығарманы әділ-қазылар алқасы алдын-ала сараптаса, суреттер бойынша көрме ұйымдастырылды.
Көркем шығармаға бойынша 35 үміткер бақ сынаса, плакатқа сурет салудан 39 жас өз қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Олардың арасынан Дәулет Сабыровтың салған суреті үздік деп танылды.
Нашақорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Осылай деген ұйымдастырушылар есірткінің зияны жөнінде әсіресе, жастардың арасында жиі насихаттау қажет екенін айтады. Соңғы деректерге сүйенсек, Түркістан облысы бойынша 290 адам нашақорлар тізімінде тұрады екен.