Биыл Түркістан облысындағы басылымдардың қарашаңырағы - «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің шыға бастағанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай, облыс орталығында ұжымның ғасырлық тойы аталып өтті. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді. Сонымен қатар бірқатар журналистер Президенттің алғыс хатымен марапатталды.

Мерейлі күнге орай бірнеше іс-шара жоспарланған. Облыс орталығындағы «Жібек жолы» саябағында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің аллеясы ашылды. Оған өңірдің зиялы қауым өкілдері мен газет редакциясының ұжымы қатысып, 100 жылдық мерейтойға орай 100 түп көшет отырғызды. Екінші күні «Оңтүстік Қазақстан» – тарих толқынында» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Мұнда журналистиканы дамыту жолдары, тың идеялар айтылды. Сонымен қатар газеттің тарихынан сыр шертетін фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ –ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
 Оңтүстік Қазақстан өзінің тарихы бар, бағдары айқындалған қалың оқырманы қалыптасқан беделді баслымдардың бірі. Басылым жолын С.Қожанов пен Т.Рысқұлов сияқты қайраткерлер бастаған «Ақ Жол» газетінен бастау алды. Бұл газетте қазақ журналистикасына еңбек сіңірген қаламгелермен журналистердің ел жанашырларының қаламының ізі қалған. Қазақ журналистикасындағы жүйріктер маен ақындар, қоғам қайраткерлері осында қызмет етіп түлеп ұшты.  
 Салтанатты жиынға арнайы қонақ боп келген Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аманатын жеткізді.
 БЕРІК УӘЛИ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ - БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Оңтүстік қазақстан газетінің ұжымына! Қадірлі қауым сіздерді Оңтүстік Қазақстан газетінінң жарыққа шыққанынаа 100 жыл толуымен құттықтаймын. Осы беделді басылымның ғана емес тұтас қазақ журналистикасыныңбеделді белесі. Алаш ардақтыларының бастамасымен құрылған іргелі газет алғашқы сандарынан бастап ел мүддесін бірегей жаршысына халықтың рухани тірегіне айналды. Тарихы терең, тағылымы мол баслым бетінде ұлтымыздың біртуар перзенттері нің қолтаңбасы қалған. Оңтүсітк өлке баспасөзінің қара шаңырағы. Аға буынның жолы лайықты жалғастырып қоғамда ұлттық құндылықтарды орнықтыруға белсене ат салысып келеді.
Ал жынға ранайы келіп қатысқан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков Парламент мәжілісінің спикері Ерлан Қошановтың құттықтау сөзін жеткізді.
 ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ
 Бір ғасыр бұрын Ақ жолдеген атаумен жарыққа шыққан газет тарихтың талай белгісін, ұлтымызбен бірге өткерді. Т.Рысқұлов, С.Қожанов сияқты қазақтың біртуар перзенттері осы басылымның бастауында тұрды. Одан кеін де қара шаңырақта тегеурінді тұлғалар қызмет етті. Бүгінде егемен еліміздің жетістіктерін діріптеп отандық ақпарат саласына өлшеусіз үлес қосып келеді. Әсіресе киелі Түркістан өңірінің тыныс- тіршілігін насихаттап отырған гажетті оқырман ықыласпен оқиды.
Бір ғасырда «Оңтүстік Қазақстан» газетіне 30-дан астам білікті журналистер редакторлық етті. Бүгінде 21 мың 650-ші саны жарық көріп отырған басылым Оңтүстік аймаққа қана емес, еліміздегі тарихи газеттердің бірі болып саналады.