Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «One Water» саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды. Халықаралық форум Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банк тобының қолдауымен өтеді. Сонымен қатар Президент Эр-Риядта бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.