Шымкентте «Таңдау» фильмінің тұсауы кесіліп, көрерменге жол тартты. Аты айтып тұрғандай тың туынды жастарды тура жолдан адаспауға үндейді. Қоғамда келеңсіздік тудырған өзекті мәселелерді қамтыған шығарманың жарыққа шығуына «Жастар ресурстық орталығы» мұрындық болып отыр.
«Таңдау» фильмін түсіруге жарты жылдай уақыт кеткен. Мамандар туындының сценарийі күнделікті күйбең тіршілікке арналғанын айтып отыр. Қиындықтың шырмауына түсіп, одан шығып кете алмай жүрген жастарды тура жолға бағыттайды.
БАУЫРЖАН ОРАЗБЕКҰЛЫ, АТҚАРУШЫ ПРОДЮСЕР
-Қазір синтетикалық есірткілердің таралуы көбейіп барады. Оларды таратуда адасып жұмыс істеп жүрген жастар көп. Сондай жастарға ой салатын фиильм. Бұл фильмге Батырхан Дәуренбеков режиссерлік етті. Сол кісі авторы. Жастардың жалпы қоғамның мәселесін жеңіл жеткізе білдік деп білеміз.
 Қазір үлкен қалаларда мапед айдайтын жастар көбейген. Шаруаны тез тындыратын жылдам көліктер жылдар бойы жазылмайтын жара салып жататын кезі де жоқ емес. Мапед айдап, от басып жүрген жастарды сабырға шақыруға бағытталған. Бұл туындыда лудоманияның сергелдеңі де анық көрсетілген. Оңай олжаға тап боламын деп, шалыс басқандардың теріс әрекеті әшкереленген.
 ҚАЙРАТ БӨГЕНБАЙ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
-Жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуы болйынша толық кинофильм түсірілді. Мейірімділік пен табандықыты насихаттау бағытында талай жұмыс атқарылды. Ал бұл фильмде жастар арасындағы мәселені жеңіл көрсетуге тырыстық. Ата-ананың баладан қандай үміт күтетіні жайында кең айттық.
Жастар ресурстық орталығы бұған дейін де жастарды дұрыс жолға бағыттайтын бірнеше туынды ұсынған болатын. Кезекті фильм мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан жастардың дұрыс жолға түсуіне оң ықпал ететініне сенім мол.