М. Әуезов атындағы ОҚУ Студенттік Ассамблеясы құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жасақталған құрам, татулық пен бірлікті, ұлтжандылық пен рухани-мәдени қоғамдастық негізінде жастардың белсенділігі мен өнерпаздығын дамытуға бағытталған. Оқу ордасындағы жастар осыған дейін Достық клубының жанына жиналып, ынтымақ пен мейірімділіктің әдемі үлгісін көрсете беліген еді.
Бүгінгі жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-сесиясында Мемлекет басшысының жастарға жүктеген міндеттері жан-жақты талқыланды. Басты бағыт айқындалып, жоспар бекітілді.
Іргелі оқу ордасында 400-lty астам этнос өкілі білім алуда екен. Олар осыған дейін «Достық» клубының жанына жиналып татулық пен достықтың үлгісін көрсете білді. Енді, бұл бағыттағы жұмыстарды жаңадан құрылған Студенттік Қазақстан Ассамблеясы әрмен қарай жүзеге асыратын болады.
Тәуелсіз Қазақстанды мекендеген 130-дан астам ұлт өкілі Ассамблея астына біріп елдің тыныштығы мен татулығын сақтап келеді. Бұл ретте ел ағалары мен қатар, жастардың белсенділігін атап айтпасқа болмас. Олар әр істе жұдырықтай жұмылып, елдің бірлігін бекем ұстауға қолдарынан келгенше көмектесіп келеді.