Отбасында балалар тәрбиесіне бірінші кезекте ана жауапты.  Бір қолымен бесікті екінші қолымен әлемді тербеткен  жандар қоғамдағы өзекті мәселеге бей-жай қарай алмайды. Шымкентке арнайы келген  Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи  тәрбиедегі олқылықтарды талқыға салды.
Кеңес төрайымы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы  ОҚПУ-да Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Шымкент қалалық  ҚХА жанындағы Аналар  кеңесінің мүшелерімен  кездесті. Қоғамда орын алған мәселелерді талқылап ғана қоймай онымен халық болып бірге күресуге шақырды.  

Салтанатты жиын аясында білім ұясындағы «Аналар» мектебінің ашылу салтанаты өті.   Педагоктар ұясына айналған университетте 7 мыңнан астам қыздар оқиды.  Бұрымдылардың болашақ ана болатынын назарға алған кеңес мүшелері тәрбиені тал бесіктен бастамақ.

 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ болашақ  педагог мамандарды даярлайтын  өңірдегі тарихи шаңырақ.  Мұндағы білім алушылар  мен  оқытушылар құрамы,  жас ғалымдар  ұлттық құндылықтарды білім ордасында бойына сіңіреді.  Аналар мектебі арқылы ұлттық  педагогиканы жас ұрпақ бойына сіңіруді көздейді.