Азық-түлік бағасын қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылған. 2024 жылдың қорытындысымен әлеуметтік тауар бағасын қымбат сатқан кәсіпкерлер анықталып, айыппұл салынды.

Тауардың 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамаған 564 кәсіпкерлік субъекті анықталды. Оның 544-і ескерту алса, 22 кәсіпкер айыппұл арқалаған. Олар ұнның, тауық етінің, нан мен күнбағыс майының, шекердің және бірнеше көкөніс бағасын қымбат саудалаған. Сондай-ақ құқық қорғау қызметкерлері қала аумағында 292 делдалды анықтаған. Айта өтейік, бағаны тұрақтандыру мақсатында апта сайын қаланың 7 жерінде азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Жәрмеңкеге 250-ге жуық тауар өндірушілер, шаруа қожалықтар және көтерме сауда қызметімен айналысатын дистрибьюторлар қатысып, аптасына жалпы 150 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада сатып келеді.