Үнсіз өршитін дерт. Қазақстанда 75 мыңға жуық адам вирустық гепатитке шалдыққан. Мамандардың айтуынша, ауру ұзақ уақыт бойы еш белгі бермеуі мүмкін. Сондықтан оны дер кезінде анықтау – денсаулықты сақтаудың басты шарты.


Соңғы он жылда елімізде созылмалы В гепатитімен тіркелген науқастар саны 2,5 есеге, ал С гепатитімен ауыратындар саны 3,5 есеге артқан. Ал өткен жылы елімізде 900 мыңнан астам адам скринингтен өтіп, 20 мыңға жуық пациент вирусқа қарсы ем қабылдаған. Әлемдік ахуал да алаңдатарлық. 2024 жылы вирустық гепатиттен туындаған бауыр ауруларынан 1 жарым миллион адам қайтыс болса, жыл сайын шамамен 1,8 миллион адам осы инфекцияны жұқтырады. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға дейін өлім-жітім деңгейін 65 пайызға төмендетуді мақсат етіп отыр.