Түркістан облысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаған жүргізуші жауапқа тартылды. Республикалық «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысының полицейлері Шымкент - Самара автожолы бойында Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты.

 Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің Түркістан қаласынан Шымкент қаласына жолаушыларды рұқсат құжаттарынсыз, заңсыз негізде тасымалдағаны анықталды. Аталған құқық бұзушылыққа байланысты жүргізушіге әкімшілік шара қолданылып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Полицейлер заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.