Негізгі Жаңалықтар ЖАЗУШЫ МҰХТАР МАҒАУИН ӨМІРДЕН ӨТТІ

ЖАЗУШЫ МҰХТАР МАҒАУИН ӨМІРДЕН ӨТТІ

 Қаралы хабар. Халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл жайында жазушының ұлы Едіге Мағауин хабарлады. Ұлының сөзінше, абыз АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55) бақиға аттанды.

Мұхтар Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Ол - тарихшы, жазушы, қазақ әдебиетін зерттеуші ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы. "Қобыз сарыны", "Көк мұнар", "Аласапыран", "Мен", "Жармақ", "Шыңғыс хан" сияқты танымал шығармалары бар.

«Көлме-көл» Толық шығармалар жинағында Мұхтар Мағауин: «Көзім жұмылған мезетте, бұрнағы Алапат Бабаларым сияқты, өлмес, өшпес, Мәңгілік Әруаққа айналам! Иә!» деп жазған еді. Марқұмның туыстарына және барша оқырман қауымға қайғырып көңіл айтамыз.   


Бөлісу