Тың туынды, ерек спектакль! Шымкенттіктер қаңтар айын «Қызыл орамалды Шынарым!» спектаклімен қорытындылап, ақпан айын да тап осы қойылымымен қарсы алады. Әйгілі режиссер Талғат Теменовтың жетекшілігімен сахналанатын пьеса көрермен қызығушылығын оятып, билеттер он күн бұрын сатылып кеткен.
Қойылым 30-31-ші Қаңтар және 1-ші Ақпан күндері Ж.Шанин театрында сахналанады. Пьеса авторы әлемге әйгілі – «Адамзат Айтматовы» Дайындық жұмыстары қызу, режиссер талабы жоғары. Кіршішіксіз сезім мен адал махаббаты бейнелейтін қойылым көрерменді ата-ана қадірін бағалап, адами қасиеттерді биік ұстауға шақырады.
ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, РЕЖИССЕР
– «Бүгінгі заманда.. Ғаламтордың бәрі негатив, бірінің үстінен бірі-күлетін кезде адамды құрметтесек одан артық өнердің миссиясы болмайды.»
Қойылымға қала әкімдігі қолдау көрсетіп, танымал режиссерды шақыруға мәдениет басқармасы ұйытқы болған. Спектакльдің жарнамасы мен ақпараттық жариялығы да жоғары деңгейде. Билеттердің басым бөлігі сатылып кеткен.
СҰЛТАН СРАЙЛ, Ж.ШАНИН АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
– «30-31 күніне билет қалмады. 1 күніне де кассаны аштық. Бұл әбдн өзін дәлелдеген қойылым.»
Театр басшылығының айтуынша, алда тағы танымал режиссерлардың қатысуымен бірнеше қойылымдар сахналанады. Мұның бәрі шымкенттік көрерменге сапалы спектакль ұсынып, театрға деген қызығушылығын арттыру, - дейді.