Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында ұйым қандай шаруалар атқарды? Еліміздің дамуына қосқан үлесі қандай? Шымкенттік этно-мәдени бірлестіктердің атқарған жұмысы мен жоспары «Достық үйінде» баяндалды. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен өткен отырысты тілші әңгімелейді.
Шымкент қаласы ҚХА өкілдері мемлекеттік тіл, салт-дәстүрді дәріптеуден бөлек бірлік, ынтымақты насихаттауға белсене атсалысып жүр. Осы мақсатта арнайы кездесулер өткізіп, әсіресе өскелең ұрпаққа достықтың, бауырмалдықтың нәтижесін түсіндіруден талмаған. Қоғамда орын алған жағдайларға бей-жай қарамайтынын іспен дәлелдеп келеді. Жиын барысында жыл жоспары пысықталды.
ТАХИРБЕК НЫШАНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Оны атап айтатын болсақ наурыз айында бірінші болып өтетін алғыс айту күні Мың алғыс саған елім тақырыбында өтетін іс-шара Әз Наурыз жәнеде бірлік марафоны. Достық дастарханы Қазақ дастарханы атты іс-шаралар.
Атаулы күндерден бөлек, кеңес отырысында 30 жылдыққа орай 30 игі іс жасау жайы сөз болды. Бұл ұсынысты ұйым мүшелері бірауыздан қолдап жылдық жоспарға енгізді. Ынтымағы ұйысқан қала тұрғындары енді 30 қайырымды істі жүзеге асыратын болады.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осы Юрий Родионович айтқан 30 жылдық аясында 30 қайырымды іс деп айтамызба соның тізімін жасақтауды Ішкі саясат және жастар ісі басқармасына тапсырамын. Әрқайсыңызбен онлайн форматта келісетін болады.
Алқалы жиында кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер де талқыға түсті. Қазақстан Халқы Ассамблеясы республикалық құрамына Шымкенттен ұсынылатын кандидатуралар тізімі бекітілді. Сондай-ақ ұйым мүшелігіне және оның кеңес құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамы да қайта жасақталды.