Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Топтық кезеңнің үшінші матчында, А тобында сынға түсіп жатқан қазақстандықтар Қытайлық Тайбэймен кездесті.

Алғашқы екі кезеңде отандастарымыз қарсылас қақпасына 5 шайбадан соқты. Ал үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы тайбэйліктерге мұмкіндік бермей, 7 шайба соқты. Қортынды есеп 17:0. Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде үш ойында қатарынан жеңіске жетіп, А тобында көш бастап тұр. Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы ойында Тайландты 12:0 есебімен жеңсе, екінші матчында жарыс иесі Қытайды 6:1 есебімен тізе бүктірді.