Оныншы сынып оқушылары тыңнан түрен салып, Үндістанда өткен халықаралық стартап байқауында топ жарды. Жасанды интеллекке жан бітіріп, оған жаңа мүмкіндік енгізген жас ғалымдар шетелдік инвесторлардың назарына ілігіп, ақшалай грант ұтқан. Жас өрен ашқан жаңалық қандай? Оның сіз бен бізге берер пайдасы бар ма? Қанат Жолдасбек тарқатып айтады.
 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Бұл менің жұмыс компюьтерім. Мұнда көптен жиылып, тау-тау үйілген мыңнан аса файл бар. Атаулары ұқсас, көлемдері де шамалас. Сондықтан кейде қажетті жазбаны таппай әдбен шатасамын. Міне, оқушылар құрастырған интеллект осы мәселені шешеді. Файлдарды сұрыптап, қажетті материалды лезде тауып береді.

Оқушылар «бұл жүйе әсіресе, құжат-қағазбен алысқан мұғалімдер мен кеңсе жұмыскерлеріне қажет. Сұрыптаушы интеллект том-том ақпаратты жүйелеп, ретке келтіреді. Уақыт шығынын едәуір азайтады», - дейді.  
 ЖҰМАХАН НҰРАСЫЛ, ОҚУШЫ
– «Мысалы сіз қараңыз сіздің компюьтеріңізде 30 сурет бар. Бірі үйде, бірі көшеде, бірі тауда, бірі мектепте түсірілген.» «Біздің программа соны сұрыптауға мүмкіндік береді. Мәселен сіз біздің жүйеге тау деп жазар болсаңыз қажетті материалдарды лезде тауып ала аласыз.» -
Жобаны Нұрасыл, Әлібек, Кирилл атты зияткерлік мектеп оқушылары жасаған. Бір сыныпта оқитын жас ғалымдар бос уақытын текке жұмсамай, ғылыми жұмыстарға арнапты. Нәтижесі мінекей! Астанада өткен іріктеу кезеңінде топ жарып, халықаралық онлайн кезеңге жолдама алған 4 қазақстандық команда қатарына енген. Ал Үндістанда өткен ақтық кезеңге еліміздің екі құрамасы ғана өтіпті. Арасынан алға озып, топ жарған – шымкенттік оқушылар. Әлібек Үсіпбаевтың айтуынша, финалдық сайысқа іріктеліп шыққан әлемнің 15 командас қатысқан.  

ӘЛІБЕК ҮСІПБАЕВ, ОҚУШЫ
 – «..Және осы 15 командадан Үндістанда 5 команда ғана инвистиция алды. Фиалда 1,2,3 орын деген жоқ. Олар инвистиция береді не бермейді. Осы бес команданың ішіндебізге де инвистиция берілді.»

Инвистиция ретінде берілген ақша көлемі – 1200 долларды құрайды. Бұл аталған жобаны жүйелеп, одан әрі дамыту үшін қажет. Жобаның жүзеге асқаны не аспағаны демеушілер бақылауында болады, - дейді оқушылар.