Қайнарбұлақ тұрғындарының 20 пайызы жарықсыз отыр. Елді мекенде емхананың мәселесі де өзекті. Саяжай мен жаңақұрылыстықтар замануи спорт кешенінің қажеттілігін сезініп келеді. «Мегаполисте жетімнің күйін кештік»,- деген жұрт бүгін осындай базыналарын мәслихат депутаттарына жеткізді.
Абай ауданының іргесінде орналасқан Қайнарбұлақ ауылы – мәселесі көп елді мекендердің бірі. Тұрғындар тозығы жеткен жолдың жырын айтып бармаған жері жоқ. Ауыл маңындағы қараусыз қалған көлді демалыс аймағына айналдырамыз деген бастама да құр сөз күйінде қалған.
Саяжайда қолға алынған игі істер де жоқ емес. Жиында көз алған аудан әкімі бюджет бүйірінің томпайғанын алға тартты. Айтуынша түсімнің басым бөлігі инженерлік-инфрақұрылым мәселесін шешуге жұмсалып отыр.
Қайнарбұлақтықтар өздері сайлаған депутаттарын тіпті танымайтын көрінеді. Желіден атын естігенімен, түрін көрмейміз деп, дау шығарды.
Қайнарбұлақтағы №10 емхана көптің көңілінен шықпай отыр. Тұрғындар кезектесіп қабылдайтын учаскелік дәрігерлер тіпті орнында отырмайды деп шағымданды. Олар сондай-ақ ауылішілік жолдардың тарлығын да алға тартты. Бұл мәселені қала әкіміне де жеткізіпті. Тапсырма берілген. Алайда оны орындауға келгенде, кейбір жауапты сала басшылары құлықсыз, дейді халық.