IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы командалык есепте 16 орында тұр. Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан олимпиадада шымкенттік фристайлшылар бұрын соңды болмаған рекорд жасады. Қанжығаға 8 медаль байлап келді. Жеңімпаз спортшыларды әуежайдан жерлестері сән-салтанатымен күтіп алды.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
6 спортшы, 8 медаль. Тоғызыншы азия қысқы ойындарының жүлдегерлері елге оралды. Қазір Шымкент қаласының халықаралық әуежайында өздеріңіз көріп тұрғандай жеңімпаздардың туған-туыстары, жора жолдастары және спорт басқармасының өкілдері күтіп алып жатыр.
Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы командалық сайыста чемпион атанды. Бұл сында ел намысын Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов қорғаған еді. Шымкенттік спортшы Шерзод Хаширбаев жұптық сайыста 97.92 ұпай көрсеткішпен тарихи нәтижеге қол жеткізді.Бұл Қазақстан фристайл-акробатика тарихындағы ерлер арасындағы алғашқы алтын жүлде болды!
ШЕРЗОД ХАШИРБАЕВ, IX ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
Дайындықты біз жаздан Беларуссияда бастадық. Одан кейін Қытайда. Содан соң Австрияда бастадық қысқы сезонды ашып Азия ойындарына Қытайға аттандық. Қарсыластар өте жақсы дайындалған. Олардың арасында олимпиада чемпионыболған. Қытай спортшысы. Сомен жарыстық. Өте керемет, спортшлар өте мықты.
Фристайл-акробаттардың арасында ең жас спортшы бар. Асан Асылхан 9-шы сынып оқушысы. Қысқы Азия ойындарында Қазақстанның көк туын көкке желбірете білді. Өзінің де арманы осы еді дейді жас спортшы.
АСЫЛХАН АСАН, IX ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
Бұл менің халықаралық дәрежедегі алғашқы жеңісім. Бар осы Харбинге барар алдын қазағымныңтуы Харбин халықаралық аренада желбіреу болды. Енді осы арманға жеттім деп санамын. Алдағы жоспарлар Фисттен пойнт жинап олимпиадаға өту. Одан бұрын үлкендерге арналған чемпионатта көрсеткіш көрсету деп ойлаймын.
Қытайда өткен IX қысқы Азия ойындарына Шымкент қаласынан 6 споршы қатысты. Қазіргі таңда фристайл спорт түрімен 68 спортшы жаттығады. Олармен 5 жаттықтырушы жұмыс істейді.
БАҒЛАН ІҢКӘРБЕК, ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ
Біздің елімізде фристайл-акробатика өте жақсы дамыды. Орбеп келе жатыр. Осымен бас бапкер болғаныма 4 жылдай болып қалды. Сол 4 жылда жетіп отырған нәтижеміз. Азия ойындарына өзіммен бірге 8 спортшы барды. Соның алтауы Шымкент қаласынан. Алтауыда медаьмен қайтты.
Ұлттық құрамада 6 спортшы және Шымкент құрамасында 10 спортшы бар. Қаңтар айында өткен жастар арасында Әлем чемпионатында Райымқұлов Дінмұхаммед әлем чемпионы атанды.
МАРАТБЕК МЫҚТЫБЕКОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жалпы командалық есепте Қазақстан командасы 16 орында тұрақталптұр. Әлі де біздің спортшылар өнер көрсетуде. Оның ішінде қысқы спорт тұлектері жақсы өнер көрсетті. Өте жақсы нәтиеже деп айтуға болды. Бізде әлі де резерв бар. Жас спортшыларымыз, хоккейден мәнерлеп сырғанауданда өте жақсы өнер көрсетіп жатыр.
Азия ойындарында Хаширбаев Шерзод 1 алтын 1 күміс жеңіп алса, Жолдас Аяна 1 күміс 2 қола, ал Асан Асылхан мен Ардана Маханова 1-1 қола медаль жеңіп алды. Естеріңізге салып өтейік, қысқы олимпиада ойындары ертең, яғни 14 ақпан күні қорытындыланады.