6 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында жеті килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды, -делінген хабарламада.