Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалған тұлға. Қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов туралы тарихшылары осылай дейді. А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханадағы кезекті тұлғатану сағаты Жұмабек Ахметұлына арналып отыр. Оған Шымкенттегі бірқатар мектеп оқушылары қатысты.

Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. Оқушылар оның батырлығы бізге үлгі дейді.
АМИРА АСҚАР, ОҚУШЫ                                    
 /Ең бірінші кезекте біз осы Жұмабек Тәшенов туралы, оның өмірбаянын, қазақ еліне қосқан әрбір, маңдай терімен біздің еліміз, жеріміз үшін қосқан үлесін білдік. Одан бөлек қазақ жері үшін, елі үшін қандай еңбегін көрсетті, оның өмірбаяны, өмірінде қандай қиындықтар болды, содан хабардар болып отырмыз/

\Қазақ жерінің талан-таржыға салуға қарсы күресі. "Маған керегі лауазым емес, қазақ халқының бірлігі мен жерінің тұтастығы. Ол арманыма жеттім. Елім, жерім орнында" деген тау тұлғалы Жұмабек Тәшенов осылайша Қазақстан жерінің халық меншігінде қалуына жол ашты. Өмірінің соңғы кезеңінде «Қаракөл» ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

ГҮЛЗИРА СЕРАЛИЕВА, А. ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ                           
                      
 /Ұлтты ұлықтаған, ұлтын сүйген осындай қайраткерлерімізді ұлықтау. Олардың еңбегін дәріптеу басты мақсат. Жалпы мынау келген оқушылар Тәшеновтей боламын деген ой қалса, осындай өздерінің жүректерінде ниет болса деген ниетпен ұйымдастырып отырмыз/

Тұлғатану сағатына қаладағы №8, №9, №22, №19 мектептің барлығы 100 оқушы қатысты.