Руыңыз не? Осылай деп сауал жолдаған қала тұрғынына шаһар басшысы: «Қазақпын!» деп жауап берді. Тұрғындармен кездесіп, көшпелі жиын өткізген Ғабит Сыздықбеков біршама мәселенің басын ашып, халықтың көкейтесті сауалына жауап берді.
Тұрғындармен жүздескен қала әкімі бір емес 5 орында кездесу өткізіп, халық мұң-мұқтажына құлақ түрді. Межелі орынға шатыр тігіліп, тұрғындар ыңғайы үшін арнайы орындықтар қойылған. Аудан тұрғындары жарық, жылу, газбен қамту, бейнебақылау жүйелерін орнату, көпқабатты үйлердің қасбеті мен шатырларын жөндеу сынды мәлеселерді көтеріп, тиісті жауап алды.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Қалада шынымен де бірәз жерде кәріз жүйесі жоқ. Қазір «Айқаптағы» көшелерге кезек-кезегімен жүргізіп жатырмыз. Бірәз жерге жекеменшік канализация өткен. Соның бәрін қазір мемлекет меншігін қайтарып жатырмыз. Кезең-кезеңімен қаланың барлық жеріне кәріз жүйесін орнатамыз.» -
Тұрғындардың бірі бұралқы иттер мәслесін көтеріп, содан зардап шегіп отырғанын айтты. Сөзінше аула маңында өріп жүретін қараусыз иттер оған шабуылдап, жарақат салған.
Арызданушының талап-тілегін тыңдаған қала әкімі: қаңғыбас иттерді аулау ісі жүйелі жүргізіліп жатқанын, оның әркез бақылауда болатынын жеткізді. Ғабит Сыздықбековтың сөзінше, мәселені ушықтырып отырған кейбір жауапсыз ит асыраушылар. Олар үйіндегі төрт аяқтыны қараусыз қалдырып, көшеге босатып жібереді. Мұнан басқа тұрғындар зардап шегеді. Осылай деген қала әкімі арызданушы өтініміне сәйкес тиісті жұмыс жүргізіліп, есеп берілетінін айтты.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Жұмыс істеліп жатыр. Сіз маған сеніңіз. Жұмыс жүріп жатыр. Бірақ кейбір адамдар иттерін көшеге жібереді. Олар үйір болып жиналады. Сіздің жеке телефоныңызды алып алып, сізге хабарласады жауаптылар.» - 06:48 // NURKEN2870 //
Кездесуде күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үй мәселесі де көтерілді. Мария Асақованың сөзінше ол тұратын көпқабатты пәтер жол жиегінен алыс болғаныдықтан тиісті жөндеу көрмеген.
МАРИЯ АСҚАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Біздің дом кішкене іште тұрда. Сондықтан сіздер сәйкес келмейсіздер дейді.» - 00:42 // NURKEN2770 //
Қала әкімі тұрғын сауалына жауап беріп, оңталы шешім жолдарын ұсынды.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Бірінші кезекте жол жиегіндегі үйлерді жөндегенбіз. Келесі ішке қарап істейміз.» - «Модернизациямен істемедіңіздер ма?» - «Көршілеріңбен келісіңіздерші, біз ақша бөлейік. Барлығын істеп аласыздар.»
Кездесуде айтылған, көтерілген мәселелер жауапсыз қалмайды. Тұрғындар арыз-шағымы ескеріліп, жауаптыларға жолданады. Көшпелі жиындар бұдан әрі де жалғасын тауып, қаладағы барлық аудан тұрғындарының мұң-мұқтажы ескерілмек.