Енді Шымкенттен Оңтүстік Корея астанасы Сеулге тікелей ұшуға мүмкіндік бар. Жаңа әуе бағыты 29 мамырда ашылады.

 Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыруда тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Қазақстандық SCAT әуе компаниясы рейсті ашуды жоспарлап, сақадай сай отыр. Ұшу аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады. Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артуы мүмкін. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.