Халықпен кездесуден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдады. Азаматтар денсаулық, мәдениет, әлеуметтік және инфрақұрылым салаларына қатысты мәселелер көтеріліп, тұрғын үй және жер алу бойынша өтініштерін айтты.
Одан бөлек, ауыл шаруашылығын дамыту, ауданды екіге бөлу бағытында ұсыныстар қаралды. Тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдаған аймақ басшысы барлығы жіті зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.Өз кезегінде жетісайлықтар ауданды дамыту бойынша ұсыныстарын да айтып өтті. Жеке қабылдауға тұрғындар «еOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.