Мегаполис тұрғындары амал мерекесін жоғары дәрежеде тойлап, бірін-бірі көктемнің шұғылалы күнімен құттықтады. Зиялы қауым өкілдерінің сөзінше, көрісу күні қаһарлы қыстан жайдары көктемге төрт көзі түгел жетіп, мәз-мейрам болған жұрттың ризалығы. Шымкенттіктер қуаныш-той аясында қайырымдылық жасап, ерекше жандарға сыйлық үлестірді.
27 жастағы ерекше жан Изаттула Әлімжанов – жыл сайынғы дәстүрге айналған жиынға жиынға жылда қатысады. Ол бүгін сыйлық алып, концерттік бағдарлама тамашалады. Қуанышында шек жоқ.
ИЗАТТУЛА ӘЛІМЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– Бүгін міне концертке келдік. Ойнаймыз, күлеміз, көңіл көтереміз.»
Алмагүл Бекмұратқызы – Изаттулла қатынайтын «Рақмет саған анашым» орталығының директоры. Сөзінше, қаламызда ерекше жандарға күтім жасап, көмек көрсететін орталықтар жетерлік, бірақ 18 жастан асқан мұндай азаматтар қайда барып ортақ алаң құрарын білмей жатады. Қоғамдық бірлестікте қазір 20-ға жуық азамат бар. Олар өзара байланыс орнатып, достық қатынас құрады. Кәсіби мамандардан психологиялық, медициналық көмек алып, өнер, дене шынықтыру сынды 8 бағыт дағдыларын меңгереді.
АЛМАГҮЛ КЕНЖЕТАЕВА, «РАҚМЕТ САҒАН АНАШЫМ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
– Өзімде мүмкіндігі шектеулі екі бала болды. 18-ден кейін бұлар қайда барады деген мақсатта үй жағдайында ашылған орталық бұл.» - – «Қазіргі таңда ашылған біздің балаларымыз. Конкурстарға қатысады. Осындай іс-шараларға жиі келеді.» – «Үзіліс болды жақын арада. Балаларымыз бірін-бірі көрмесе шыдай алмай жатқасын жұмысты қайта жандандыруға тура келді.»
Жыл сайын дәстүрлі түрде айналған іс-шарада 350 ерекше жан сыйлық алып, концерттік бағдарлама тамашалайды. Ол үшін 6 кәсіпкер қаржылай қолдау көрсетіп, қол ұшын созған. Сондай-ақ көрме орталығының кіреберіс фоесіне айрықша жандар жасаған түрлі қолөнер бұйымдары құрылып, көрме ұйымдастырылған.
БАЯН ЖАНДОСОВА, ҚАЛАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
– «Балаларды қолдау үшін бұл жара жыл сайын өткізіледі. Келесі
жылы да өткіземіз. Өйткені мұндай балалардың болашағы кедергісіз болуы
қажет.»
Өз сөзінде Баян Жандосова ерекше жандарға қолдау көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың лицензияға байланысты қиындықтарға ұшырап жатқанын да атап өтті. Кеш барысында бірқатар сала мамандары марапатталып, концерттік бағадарлама көрсетілді.