Елімізде Пойыз билеттерін сату тәртібі өзгерді. Яғни, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелері жаңарды.


 Өзгеріс Көлік министрлігінің 11 сәуірдегі бұйрығымен енгізілді. Жолаушылар пойыздарына – ұйымдасқан жолаушылар топтарын қоспағанда, билет поезд жөнелтілгенге дейін 45 тәуліктен 10 минутқа дейін сатылады. Бұрын 45 тәуліктен 1 тәулікке дейін болатын. Ал қала маңындағы пойыздарға – 10 тәуліктен 10 минутқа дейін алу мүмкіндігі бар. Жолаушылар пойыздарына билеттер Астана уақытымен таңғы 07:00-ден бастап сатылымға шығады. Барлық құжат қағаз түрінде де, цифрлық құжаттар сервисі арқылы да ұсынылады. Бұрын уақытша жеке куәлікпен билет сатып алуға рұқсат берілсе, енді бұл мүмкіндік алынып тасталды. Жеңілдікті немесе тегін жол жүру үшін тиісті құқықты растайтын құжатты көрсету қажет.