Елімізде жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру жөніндегі қызмет онлайн форматқа көшті. Енді мемлекеттік актіні рәсімдеуге өтінімді тек Егов порталы арқылы ғана бере аласыз.


Қызметті алу үшін пайдаланушы қосымшаға кіріп, «Жер учаскесіне мемлекеттік актіні беру» қызметін таңдауы қажет. Одан кейін керекті мәліметтерді толтырып, өтінімге электрондық сәйкестендірудің қолжетімді тәсілдерінің бірімен қол қояды. Ал  өтінім қаралған соң дайын құжат пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі. Мамандар бұл тәсіл қағазбастылықты жойып, цифрлық қауіпсіздікті арттыруға бағытталғанын айтады.